ЖШС «Жас Батыр Атырау» балабақшасы
23.07.2014 жылдан бастап қызмет жасайды
Оқу - тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізілді.
Балабақшада - 6 топ бар.
Жобалық қуаттылығы - 141 орын
Ондағы 2023 - 2024 оқу жылындағы тәрбиеленушілердің саны - 99
Ғимараттың типі: 2 қабатты
Мекеменің қызмет түрі: Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
Мекен - жайы: Атырау қаласы. Авангард - 4 ықшам ауданы
Телефон/факс:
Электрондық пошта: e - mail:
Пошталық индексі: 060000
Балабақша меңгерушісі: Ж.И.Мусина
Қазіргі таңда 6 топ жұмыс жасайды сонымен қатар, музыкалық зал, спорт зал, медбике бөлмесі, балаларды оқшаулау бөлмелері қызмет жасауда, Балабақша ауласы талапқа сай көгалдандырылған. Әр түрлі ағаштар, жеміс талдары; - қылқан жапырақтылар, гулдердің көп жылдық түрлері бой көтерген, алма, шие, алмұрт жеміс ағаштары өсіп жемістерін беріп тұр.
Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан - жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған ЖШС «Жас Батыр Атырау » балабақшасының тәрбиешілері үнемі ізденісте,оқыту мен тәрбиелеуде жаңа заманауи техологияларды енгізуде.
Мәселен, ынтымақтастық педагогикасы, білім беру ізгілігінде, ойын арқылы оқыту, өздігінен оқыту, түсіндіре басып оза оқыту, сын тұрғысында ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік техологиясы, психологиялық - , педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең, оны ұғына білуді талап етеді. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүние - танымды дамытуда, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін дамытушы ортаның болуы тәрбиеленуші ұрпақты білімді және жан - жақты қабілетті ұрпақ етіп тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Балабақша - барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту - басты мақсатымыздың бірі екенін баса айта аламыз.